Q Football

Нәтижелі жеңістер мен фавориттердің сүрінуі: Еуропа лигасының 1-турына шолу

Нәтижелі жеңістер мен фавориттердің сүрінуі: Еуропа лигасының 1-турына шолу

«Ювентус» пен «Кристал Пэлас» жалпы кезеңді сенімді бастаса, «Милан» мен «Сельта» жеңіліске ұшырады. 18 матчта командалар 47 гол соқты.

«Арарат-Армения» Еуропа лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчын өткізді, бірақ өз алаңында Праганың «Спартасына» 1:4 есебімен ірі есеппен жеңілді. Тобиас Гуддаль бірінші таймда дубль жасады, ал үзілістен кейін қонақтар сапынан Джон Меркадо мен Патрик Выдра гол соқты. Армениялық команданың жалғыз голын Бруно Уилсон соқты.

«Омония» турдың күтпеген нәтижелерінің бірін тіркеп, «Сельтаны» 1:0 есебімен жеңді. Матч тағдыры 88-минутта шешілді — Юре Балковец алыстан соққы жасап, Кипр клубына үш ұпай әкелді. Екінші таймда Пабло Дуранның голы есепке алынбады.

«Милан» турнирді сәтсіз бастап, «Сан-Сирода» «Бенфикадан» 0:2 есебімен жеңілді. Доди Лукебакио 16-минутта есеп ашса, үзілістен кейін Якуб Каминьский лиссабондықтардың басымдығын арттырды.

«Байер» өз алаңында «Целені» 2:0 есебімен жеңді. Алғашқы голды словениялық команда өз қақпасына соғып алды — автогол Свит Сешлардың еншісінде. Екінші таймда Факундо Медина қорытынды есепті белгіледі.

Беэр-Шеваның «Хапоэлі» мен Загребтің «Динамосы» гол соға алмады — 0:0. Австрияда өткен «Штурм» — «Ренн» кездесуі де голсыз тең аяқталды.

«Олимпиакос» «Ягеллонияны» 2:1 есебімен жеңіп, камбэк жасады. Каетан Шмыт 20-минутта Польша клубын алға шығарды, бірақ үзіліске дейін Армандо Гонсалес есепті теңестірді. 84-минутта Роман Яремчук жеңіс голын соқты.

«Лион» сырт алаңда «Андерлехттен» 2:1 есебімен басым түсті. Ноа Нартей мен Кейто Накамура 22-минутқа дейін француздарға екі голдық басымдық сыйлады. Үзілістен кейін Михайло Цветкович есеп айырмасын қысқартқанымен, алаң иелері жеңілістен құтыла алмады.

«Сандерленд» еурокубокқа оралуын АЗ-ды 1:0 есебімен жеңумен атап өтті. Англиялық клуб үшін бұл 1973 жылдан бергі еурокубоктағы алғашқы матч болды. Жалғыз голды 65-минутта Энцо Ле Фе пенальтиден соқты.

ОФИ күтпеген жерден «Хоффенхаймды» 2:0 есебімен жеңді. Айтор Канталапьедра 30-минутта есеп ашса, матч соңында Георгиос Канеллопулос екінші голды соқты.

«Зальцбург» Софияда «Левскиді» 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды 39-минутта Харис Табакович соқты.

«Бешикташ» турдағы ең ірі жеңістердің біріне қол жеткізіп, «Марсельді» 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Ильхан Факылы 15-минутта есеп ашса, Кейлиан Абдалла 29-минутта таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін Вацлав Черны мен Амир Мурильо үш минуттың ішінде екі гол соқты, ал 81-минутта Эрнест Поку қорытынды есепті белгіледі.

«Ференцварош» сырт алаңда «Селтикті» 3:1 есебімен жеңді. Венгрия клубы сапынан Бамиделе Юсуф, Кристоффер Захариассен және Даниэль Арзани гол соқты. Шотландиялықтардың жалғыз голының авторы — Мики Баур.

«Кристал Пэлас» негізгі кезеңді «Лехты» 4:0 есебімен ірі жеңуден бастады. Йереми Пино 10-минутта есеп ашса, Крис Ричардс басымдықты арттырды. Йорген Странд Ларсен пенальтиді дәл орындады, ал матч соңында Эдди Нкетиа төртінші голды соқты.

«Юнион» сырт алаңда «Виктория Пльзеньді» 3:0 есебімен сенімді жеңді. Релебохиле Мофокенг пен Матео Биондич бірінші таймда гол соқты, ал үзілістен кейін Ондржей Кричфалуши есепті ірі нәтижеге жеткізді.

Бірінші турдағы ең ірі жеңісті НЕК-ті 5:0 есебімен ойсырата жеңген «Ювентус» тіркеді. Нико Гонсалес пен Керим Алайбегович бірінші таймда гол соқса, Ник Вольтемаде пенальтиді сәтті орындады. Үзілістен кейін Зеки Челик пен Рандаль Коло Муани мергендік танытты.

Португалияның екінші дивизионында өнер көрсететін «Торреэнсе» еурокубоктағы дебютінде «Лиллестремді» 2:1 есебімен жеңді. Алекс Альфаро мен Мануэль Посо португалиялықтарға екі голдық басымдық сыйлады, кейін Томас Ленне Ольсен есеп айырмасын қысқартты. Матч соңында Нуха Джатта алаңнан қуылып, «Торреэнсе» он ойыншымен қалғанымен, жеңісті сақтап қалды.

Еурокубоктағы тағы бір дебютант «Борнмут» турнирді сырт алаңда «Реал Сосьедадты» 2:1 есебімен жеңумен бастады. Джастин Клюйверт пен Райан алғашқы 20 минутта екі гол соқты, ал үзілістен кейін Серхио Гомес баск командасының есеп айырмасын қысқартты. Англиялық клуб басымдығын сақтап, Сан-Себастьяннан үш ұпаймен оралды.

Турнирлік кесте: 1. «Ювентус» — 3 ұпай, 2. «Кристал Пэлас» — 3, 3. «Спарта» — 3. Толық кесте осында

Сұрмергендер: 1. Гуддаль — 2 гол, 2. Ле Фе — 1, 3. Бамиделе — 1. Толық тізім осында

Ассистенттер: 1. Бамиделе — 2 ассист, 2. Олайтан — 2, 3. Кекчю — 2. Толық тізім осында