Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші турында Мюнхеннің «Бавариясы» мен Мадридтің «Атлетикосы» арасындағы сырт алаңдағы матчтың бас төрешісі болып 37 жастағы француз рефери Франсуа Летексье тағайындалды. Неміс алыбы үшін бұл тағайындау аса қолайлы көрінбейді: Летексьенің төрелігімен «Бавария» үш ресми матч өткізіп, үшеуінде де жеңіліс тапқан.
Испания мен Англия құрамалары арасындағы Евро-2024 финалын (2:1) басқарған француз төрешісі 2025 жылғы Клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Бавария» — «Бенфика» (0:1) матчында жұмыс істеді. Бұған дейін мюнхендіктер оның төрелігімен Чемпиондар лигасының 2023/24 маусымындағы 1/8 финалының алғашқы матчында римдік «Лациоға» (0:1) есе жіберген, сондай-ақ Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымының жалпы кезеңінде «Фейеноордтан» (0:3) жеңілген.
