Кездесу Канададағы Ванкувер қаласында орналасқан «Би-Си Плэйс» стадионында өтті. Ойынның бас төрешісі - Сальвадордың Санта-Ана қаласынан Иван Бартон.
Пенальти сериясында Швейцария сапынан Гранит Джака, Зеки Амдуни, Седрик Иттен және Рубен Варгас өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеді. Ал Мануэль Аканджидің добы қақпа үстінен асып кетті.
Колумбия құрамасында Хуан Кинтеро, Хаминтон Кампас және Луис Диас дәл соққы жасады. Давинсон Санчес допты маңдайшаға тигізіп алды, ал Кучо Эрнандестің соққысын қақпашы Грегор Кобель қайтарды.
Ширек финалда Швейцария Аргентинамен кездеседі.
