Трубиннің «Бенфикамен» қазіргі келісімі 2028 жылдың маусым айының соңына дейін күшінде болғанымен, клуб келісім мерзімі аяқталғаннан кейін ойыншыдан тегін айырылып қалудан қауіптеніп отыр.
Егер украин қақпашысы жаңа ұсынысты қабылдамаса, португалиялық тарап оны қысқы трансферлік терезенің өзінде сатылымға шығаруды да қарастыруы мүмкін. Айта кетейік, ықтимал жаңа келісімнің қаржылық шарттары Трубиннің командадағы қазіргі мәртебесіне қарай жасалмақ.
Бұл маусымда Трубин «Бенфиканың» негізгі құрамындағы орнын жоғалтып, бар-жоғы үш матчқа қатысып, сол кездесулерде екі гол өткізіп алды.
Қыркүйектің соңында «Transfermarkt» қақпашының нарықтық құнын 25 миллион еуродан 20 миллион еуроға дейін түсірді.
