«Алтай» Солтүстік Македония құрамасының ойыншысы Додевтің трансфері туралы жариялады
Өскемендіктер Дарко Додевпен ресми келісімшартқа қол қойғанын хабарлады. Клубтың Instagram-парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, 28 жастағы шабуылшы Өскемен командасына Солтүстік Македонияның «Силекс» клубынан ауысты.