Q Football

Эмери: АПЛ-да ең көп ресурстар бар, бірақ Ла Лигада Мбаппе мен Ямаль бар

Эмери: АПЛ-да ең көп ресурстар бар, бірақ Ла Лигада Мбаппе мен Ямаль бар
Getty Images

«Астон Вилланың» бас бапкері Премьер-лига мен Ла Лига арасындағы айырмашылықтар туралы пікір білдірді. Испаниялық маманның айтуынша, бүгінде ағылшын футболы ресурстар мен аудиторияны қамту жағынан көш ілгері тұр

Эмеридің сөзінше, ағылшын футболының кең аудиторияға таралуына бірнеше фактор әсер етеді. «Ең алдымен, ағылшын клубтары анағұрлым ашық. Англияда халық саны көп, әрі ол футбол контентін тұтыну көлемі бойынша, сірә, көш бастап тұр. Қазіргі жаһанданған әлемде ағылшын тілі кең таралған, оған қоса бұрынғы отар елдер де бар - ол жақта да ағылшын футболын жіті қадағалайды. Соның нәтижесінде ағылшын футболы бүгінгі әлемде ең терең тамыр жайған», - деді ол.

Сонымен қатар бапкер Ла Лиганың да өз артықшылықтарын атап өтті. Оның айтуынша, Испания біріншілігінің басты «козырлерінің» бірі - қазіргі таңда Килиан Мбаппе мен Ламин Ямаль секілді жұлдыздардың сол жерде өнер көрсетуі.

«Дегенмен Ла Лиганың да өз козырі бар - мысалы, қазір онда Мбаппе мен Ламин Ямаль секілді ойыншылар ойнап жүр. Бұл бір жағынан Криштиану Роналду мен Месси дәуірін еске салады. Бұлар - әлемдік деңгейдегі жұлдыздар. Ал Премьер-лига - ресурсы ең мол, табыс табу әлеуеті ең жоғары турнир, сондықтан да ол ең қуатты. Соған қарамастан, испан лигасы да өте мықты позицияда», - деп қосты маман.

Айта кетейік, «Астон Вилла» Буэндиамен жаңа келісімшарт бойынша келіссөзді бастап кетті.