ПСЖ матч соңында екі гол соғып, Парижде «Барселонаны» жеңді
Франциялық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда 4:2 есебімен жеңіске жетті. Луис Энрике шәкірттері турнирдегі алғашқы үш кездесуінің бәрінде басым түсіп, тоғыз ұпай жинады.