«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Никки Батт клуб басшылығын 14–15 жастағы Джуд Беллингеммен келісімшарт жасасуға қалай көндіре алмағанын еске алды. Журналист Пирс Морган және «Кристал Пэластың» бұрынғы иесі Саймон Джорданмен әңгіме барысында ол сол кезеңде манкуниандықтардың басшылары өз бапкерлерінің пікіріне мүлде құлақ аспағанын атап өтті.
Баттың сөзінше, жас хавбек қаралымда ерекше әсер қалдырып, тіпті «Юнайтедтің» қызыл жейдесімен базада ойнап та үлгерген, өйткені «Бирмингем» өз ойын киімдерін алып келуді ұмытып кеткен — клубта сол фотосуреттер әлі күнге дейін сақтаулы. «Беллингем мен 14–15 жас аралығында көрген қаралымдағы ойыншылардың ішінде сөзсіз ең үздігі болды. Мен басшылыққа: «Онымен келісімшарт жасасыңдар! Бұл жігітті еш жағдайда жіберіп алмаңдар!» — дедім. Ал нәтижесінде ол кетіп қалды», — деп мойындады Батт.
Беллингем «Бирмингемнен» дортмундтық «Боруссияға» ауысуды жөн көріп, кейінірек мадридтік «Реалға» қосылды. Сондай-ақ тағы бір жас талант Джей-Джей Габриэлдің «Реалға» кетуіне пікір білдірген Батт сэр Алекс Фергюсон кеткеннен кейінгі он жыл ішінде «МЮ»-да клуб бұрын ешқашан жол бермейтін қателіктер орын алғанын өкінішпен жеткізді.
