Лондонның «Челсиін» баптаған бұрынғы бас бапкер Лиам Росеньор мансабын Франция чемпионатында жалғастыруы мүмкін. Беделді инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, 41 жастағы маман «Париж» клубымен нақты келіссөздер жүргізіп жатыр. Тараптар «2+1» жүйесі бойынша келісімшартты талқылауда, ал британдық бапкер команда басында Антуан Комбуаремен алмасады деп күтілуде.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз