Q Football

Стас Покатилов жанкүйерлерді «Сабахтың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісімен құттықтады

Стас Покатилов жанкүйерлерді «Сабахтың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісімен құттықтады

Қазақстандық қақпашы бұрынғы ТМД елдеріндегі жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтты.

Әзербайжандық «Сабах» Чемпиондар лигасы тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Матчтан кейін команданың қақпашысы Стас Покатилов әсерімен бөлісті.

«Ең алдымен, бүкіл Әзербайжан халқын «Сабахтың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Бұрынғы ТМД елдерінің барлық жерінде бізді және мені жеке қолдаған барлық жанкүйерлерімізді құттықтаймын. Бәріңізге үлкен рахмет», — деді Покатилов.

Қақпашы ойынның өзіне де баға берді.

«Әрине, қиын қарсыласты қиын ойында жеңе алғанымызға өте бақыттымыз. Сондықтан қазір артық сөз айтудың қажеті жоқ. Алаңда көп эмоция төгіп, бар күшімізді жұмсадық. Біз өте бақыттымыз және осы рухта жалғастырғымыз келеді», — деп қосты ол.