Шотландиялық snnsports.co.uk спорттық порталы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының вингері Ислам Чесноковтың қостанайлық «Тобылға» қайта оралуына қатысты пікір білдірді. 26 жастағы футболшының отанына қайтуы Эдинбургтің «Хартс» клубына ауысқаннан кейін небәрі жарты жылдан соң іске асты. Шетелдік баспасөз бұл қадамды ойыншының өзіне таныс әрі жайлы ортада карьерасын қайта жандандыруы үшін таптырмас мүмкіндік деп санап отыр.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз