Футболшы бұл туралы ПСЖ-ға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында айтты.
«Айналамызда шу көп, болып жатқан жағдайды байқамау мүмкін емес. Тіпті осының бәрінен барынша алшақтап, өз өміріңмен өмір сүруге тырыссаң да, бұл оңай емес.
Дегенмен біз жұмысымызға көңіл бөліп, бәрін дұрыс жасауға және бар күшімізді салуға тырысамыз. Біз жаттығуға әрдайым қуана келіп, өз ісімізге толықтай берілеміз.
Бұл — өзіміз бақылай алатын нәрсе. Біз әрдайым осылай жұмыс істедік. Клубқа толық сенеміз, оған сенім артамыз және жеңіске жетуді жақсы көреміз», — деді Диаш.
