Q Football

Пикфорд: Кейннің қолында «Алтын допты» көргім келеді

Пикфорд: Кейннің қолында «Алтын допты» көргім келеді
Getty Images

Англия құрамасының қақпашысы шабуылшының статистикасы мен кәсіби көзқарасын атап өтіп, оған ең беделді жеке марапатты жеңіп алуын тіледі

Қақпашының айтуынша, шабуылшы футболдағы басты жеке марапатқа үміткерлердің қатарында өзінің де олутты қарастырылуына толықтай лайық.

«Гарри бұл жүлдеге басты үміткерлердің қатарында міндетті түрде болуы тиіс. Оның статистикасы мен өзіне қоятын талабы бәрін де айтып тұр. Ол үнемі шеберлігін шыңдауға ұмтылады, тынымсыз еңбек етеді және өзінің іске деген жауапкершілігімен өзге де футболшыларға үлгі болып келеді.

Оның «Алтын допты» қолына ұстағанын қатты көргім келеді. Бұл Гарридің өзі үшін де, сондай-ақ мансабы бойы оған қолдау көрсетіп, жетістіктері үшін көп еңбек сіңірген отбасы үшін де үлкен мәртебе әрі лайықты баға болар еді», - деді Пикфорд.