Англиялық «Манчестер Сити» клубы команданың жаңа бас бапкерінің есімін ресми түрде жариялады. Бул лауазымға бұған дейін лондондық «Челсиді» жаттықтырған италиялық маман Энцо Мареска келді. 46 жастағы бапкер «қалалықтармен» 2029 жылдың жазына дейін ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды. Ол бұл қызметте 2016 жылдан бері ұжымды басқарып келген аңызға айналған Хосеп Гвардиоланы алмастырды.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз