Франция футболының аңызы Патрик Виейра 2026 жылғы әлем чемпионатында «Рома» хавбегі Куадио Конеге жоғары баға берді. «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы 25 жастағы футболшыны қазіргі таңдағы Франция құрамының ең үздік жартылай қорғаушысы деп атады. Сонымен қатар, ол Орельен Тчуамениді алаңда тым сақ ойнап, допты тек артқа немесе көлденең бағыттай беретіні үшін сынға алды.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз