Q Football

Павлович «Миланмен» келісімшартын 2031 жылға дейін ұзартты

Павлович «Миланмен» келісімшартын 2031 жылға дейін ұзартты

Сербиялық қорғаушы италиялық клубпен 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды жаңа келісімге қол қойды. Құжатта оның мерзімін одан әрі ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.

«Милан» басшылығы 25 жастағы футболшының 2024 жылдың жазында командаға қосылғаннан бергі жетістіктерін атап өтті. Клуб Павловичтің кәсібилігін, көшбасшылық қасиеттерін және ұжымға деген жауапкершілігін ерекше бағалады.

Қорғаушының өзі «россонери» сапында өнер көрсетуді жалғастырып, әрі қарай дамуды қалайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ жанкүйерлермен ерекше байланысы бар екенін айтып, әр матчта бар күшін салуға уәде берді.

Павлович «Милан» сапында барлық турнирде 80 матч өткізіп, оның 75-інде негізгі құрамда алаңға шыққан.

Сонымен қатар сербиялық футболшы италиялық клуб үшін жеті гол соққан.