Q Football

Райан Айт-Нури «Манчестер Ситиден» кетеді

Райан Айт-Нури «Манчестер Ситиден» кетеді

Алжирлік қорғаушы ат басын Италияға бұруы мүмкін

Саша Тавольеридің хабарлауынша, оған «Наполи» мен «Ювентус» қызығушылық танытып отыр. Қос клубтың өкілдері Райанның агентімен келіссөз жүргізіп жатыр. Айт-Нуридің өзі команда ауыстырғысы келеді. Ал «Манчестер Сити» оны сатып алу мүмкіндігімен жалға беруге дайын.

«Қалалықтар» Айт-Нуриді 2025 жылдың жазында «Вулверхэмптоннан» 36,8 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда төрт матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді. Оның «Манчестер Ситимен» келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.