Q Football

Гол алмасу және Анарбековтың сейві: «Қайрат» пен «Рига» жарқын тайм көрсетті

Гол алмасу және Анарбековтың сейві: «Қайрат» пен «Рига» жарқын тайм көрсетті
«Қайрат» ФК

Алматының «Қайраты» Конференциялар лигасының жалпы кезеңінің бірінші турындағы Латвияның «Ригасына» қарсы сырт алаңдағы матчта үзіліске тең есеппен (1:1) кетті.

Латвиядағы еурокубоктық матчтың басталуы барынша оқиғаларға толы болды. 5-минутта-ақ «Қайраттың» шабуылшысы Марк Гуаль пенальтиді сенімді орындап, қонақтарды алға шығарды. Алайда «Рига» небәрі жеті минуттан кейін есепті теңестірді — дәл соққымен Салах Улад көзге түсті.

28-минутта латвиялық клуб алға шығуға тамаша мүмкіндік алды, төреші алматылықтардың қақпасына қарымта он бір метрлік соққы белгіледі. Эпизодтың басты кейіпкері «Қайраттың» қақпашысы Темирлан Анарбеков болды: ол Мухаммед Бадамосидің соққысын қайтарып, үзіліске дейін есептің тең күйде қалуын сақтап қалды.

  • «Қайраттың» бастапқы құрамы: Анарбеков, Мата, Широбоков, Мартынович, Тапалов, Оксанен, Мендонса, Юккола, Гуаль, Мрынский, Эдмилсон.

Еске салайық, Конференциялар лигасының жалпы кезеңі аясында қазақстандық клубтың қарсыластары гректің «Панатинаикосы», италиялық «Аталантасы», румындық «Университатя» Крайова, нидерландылық «Твенте» және шведтік «Мьельбю» болады.