
«Интердің» орталық қорғаушысы Алессандро Бастони Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі үшінші турда «Шахтерге» қарсы өтетін ойыннан не күтетінін айтты. Италиялық қорғаушының сөзінше, миландықтар өздерінің қалыптасқан ойын мәнерінен айнымайды. Дегенмен Бастони еурокубоктарда, әсіресе Чемпиондар лигасы деңгейінде, әрбір қателіктің бағасы қымбат болатынын атап өтіп, ұқыптылықтың маңызына тоқталды.
Пікір қалдыру үшін кіріңіз