«Сельта» бірінші таймда есеп ашқанымен, басымдығын сақтап қала алмады. Үзіліске дейін Бесфорт Зенели қақпашымен бетпе-бет шығып, мүмкіндігін тиімді пайдаланды да, есепті теңестірді.
Екінші таймда қонақтар шешуші басымдыққа қол жеткізіп, кездесуді жеңіспен аяқтады. Испаниялық клуб үшін өз алаңындағы бұл жеңіліс ауыр тиді.
«Юнион» плей-офф кезеңіне шығу жолындағы күресте маңызды үш ұпай еншіледі. Ал «Сельта» жалпы турнирлік кестедегі жағдайын жақсарту мүмкіндігін жіберіп алды.
