УЕФА-ның бұрынғы басшысы Мишель Платини ФИФА-ның қазіргі президенті Джанни Инфантиноға, сондай-ақ ұйымның бірқатар бұрынғы функционерлеріне қарсы қылмыстық және азаматтық талап арызбен Париж сотына жүгінді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, еуропалық футболдың экс-жетекшісі 2016 жылы оның Халықаралық футбол федерациясын (ФИФА) басқару мүмкіндігінен айырған тұлғаларды жауапқа тартпақ ниетте.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз