Финалда Қазақстан құрамасы алаңға мына ойыншылармен шықты: Тұран, Серік (капитан), Бағытжан, Кригер, Әбиболла, Бақыт, Ибатолла, Рүстем, Бораналы, Бонет, Жанмұрат.
Айта кетейік, турнир барысында бұл екі команда бұған дейін де кездескен еді - ол матч 1:1 есебімен тең аяқталған.
Қазақстан U-16 құрамасы жарыс жолында «Динамо Батуми» командасын 5:0 есебімен ірі есеппен ұтты, «Иберия 1999»-бен 1:1 болып тең ойнады. Ал жартылай финалда тбилисилік «Динамоны» 2:0 есебімен жеңіп, финалға шыққан болатын.
