Қазір «Эмирейтс» 60 704 көрерменді қабылдайды. Билетке сұраныс жоғары деңгейде қалып отыр, ал маусымдық абонементке кезек бірнеше жылға созылған.
Соған қарамастан клуб басшылығы ауқымды қайта құруға бармай, стадионды біртіндеп жаңғырту жолын таңдады. Себептердің бірі - ірі құрылыс жұмыстары «Арсеналды» белгілі бір кезеңде үй матчтарын басқа стадионда өткізуге мәжбүр етуі мүмкін. Ал Микель Артетаның командасы жеңісті кезеңді бастан өткеріп жатқан тұста, клуб мұндай қадамды орынсыз деп есептейді.
Енді «Арсенал» жанкүйерлерге арналған жағдайды жақсартуға көбірек көңіл бөлмек. Келесі маусымда Солтүстік трибунадағы қауіпсіз тұрып көру аймағын кеңейту жоспарланған. Бұдан бөлек, клуб стадион аумағында 5G мобильді байланысын күшейту жұмыстарын жүргізіп жатыр, тиісті жаңартулар осы маусым аяқталғанға дейін енгізіледі деп күтіледі.
Клуб матч күніндегі премиум және корпоративтік ұсыныстарын дамыту бағытын да жалғастырады. Сонымен бірге «Арсенал» өкілдері қазіргі таңда жалпы қолжетімді секторлардағы орын санын қысқарту жоспарда жоқ екенін мәлімдеді.
