Уругвай ұлттық құрамасының қақпашысы Фернандо Муслера команданың 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздігі үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Голкипердің топтық кезеңде жіберген үш бірдей ірі қателігі, соның ішінде Испанияға қарсы шешуші ойындағы (0:1) сәтсіздігі уругвайлықтарды плей-офф жолдамасынан айырды. Турнирден ұшқаннан кейін футболшы отандастары мен командаластарынан көпшілік алдында кешірім сұрады.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз