Португалия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Нани өзінің экс-командаласы Криштиану Роналдудың спорттық ғұмыры мен жетістіктеріне таңданысын жасырмады. Тарихта алты бірдей әлем чемпионатында гол соққан жалғыз ойыншы атанған шабуылшының бірегей рекордына пікір білдірген Нани, оны барша футбол сүйер қауым үшін нағыз эталон деп атап, мансабының әрбір сәтін бағалауға шақырды.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз