«Алтын доп» алуды армандаймын. Кейннің жеңісі – өзі үшін де, күллі Англия футболы үшін де айтулы оқиға. Бұл әлем үздігі боламын деп жүрген қаншама балаға мотивация. Мен де Харридің жасағанын қайталағым келеді және қолымнан келеді деп ойлаймын», — деді Рио Нгумоа.
18 жастағы англиялық вингер осы маусымда 14 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді. Нгумоаның Мерсисайд клубымен келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
