Q Football

«Бір жағынан одан озып кеттім»: Андрей Канчельскис Роналдумен кездесуін еске алып, оның алдындағы бірегей артықшылығын айтты

«Бір жағынан одан озып кеттім»: Андрей Канчельскис Роналдумен кездесуін еске алып, оның алдындағы бірегей артықшылығын айтты

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы және қостанайдың «Тобылының» бұрынғы бас директоры Андрей Канчельскис Криштиану Роналдудың рекордтарын өзінің жетістіктерімен әзіл араластыра салыстырды. Оның айтуынша, португалиялық шабуылшыдан айырмашылығы — өз есімі «қызыл сойқандардың» ресми әнұранына енген.

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Андрей Канчельскис «Алтын доптың» бес дүркін иегері Криштиану Роналдумен қалай танысқаны туралы естелігін бөлісті. Футболшылардың кездесуі 2008 жылы Мәскеуде, манкуниандықтар Лужники стадионында өткен Чемпиондар лигасының аңызға айналған финалында «Челсиді» ұтқан сәтте өткен. Канчельскис ол уақытта Алекс Фергюсон жатқан қонақүйге барып, команданы жеңісімен құттықтап, уылдырық апарғанын айтты. Дәл сонда ол жас Роналдумен тілдесіп, оның өте қарапайым әрі жақсы жігіт екеніне көз жеткізген.

Ардагер футболшы Роналдудың оның «МЮ» сапындағы өткен шағына құрметпен қарағанын жеткізді. Сонымен қатар, Канчельскис өзінің португалиялық жұлдыздан қай жағынан басым түскенін әзілмен атап өтті.

«Менің тегім "МЮ" клубының әнұранында бар, ал оныкі жоқ. Демек, бір жағынан мен одан озып кеттім. Мүмкін, ол менің ойындарымның видеоларын да көрген шығар, бірақ, әрине, менің мансабымда тек 102 гол болса, оның еншісінде қазір мыңға жуық гол бар», — деп түйіндеді «Тобылдың» бұрынғы бас директоры