«Трабзонспор» мен «Манчестер Юнайтед» Онананы жалға беру туралы келісімге келді - дереккөз
Түркиялық «Трабзонспор» мен ағылшындық «Манчестер Юнайтед» қақпашы Андре Онананың ауысуы туралы толық мәмілеге қол жеткізді. Камерундық голкипер маусымның соңына дейін түрік клубының сапында жалдау шартымен өнер көрсетпек