Q Football

Куртуа: Моуринью соңғы жылдары сабырлырақ болды

Куртуа: Моуринью соңғы жылдары сабырлырақ болды
Getty Images

«Реалдың» қақпашысы португалиялық бапкердің мінезіндегі өзгерістерді атап өтті, бірақ оның командаға деген турашылдығы мен талапшылдығын сақтап қалғанын айтты.

«Жозе Моуринью сабырлырақ болды, бірақ ол әлі де алаңда да, командамен әңгімелерінде де қатты қысым жасайды. Ол бұрынғыша ойын туралы тура әрі ашық айтады.

Ол - керемет бапкер, мен оны «Челсиде» дәл осындай қылып танығанмын. Жылдар бәрімізді өзгертеді. Бұрын мен эмоцияға тез беріліп, қазір мені мазаламайтын дүниелерге бола ашуланатынмын», - деді Куртуа.

Бұған дейін жазда Моуринью «Реалға» қайта оралу үшін Португалия құрамасын тізгіндеу ұсынысынан бас тартқаны белгілі болған еді.