«Манчестер Юнайтед» Чемпиондар лигасында «Атлетикоға» 0:2 есебімен жеңілгеннен кейін Лисандро Мартинес клубтағы ахуал туралы өткір пікір білдірді. Манчестерліктердің бұрынғы шабуылшысы Уэйн Руни Amazon Prime эфирінде аргентиналықтың сұхбаты алдын ала дайындалған деп сенім білдірді.
«Неге ол сұхбатты дәл осы матчтан кейін беріп отыр? Өзі ұсынды ма? Оның бірдеңе айтқанын өте сирек естимін. Бұл алдын ала жоспарланған сияқты көрінді, ол өз өкілдерімен шығып, осыны айту керек деп келіскендей», — деді Руни.
Бұрынғы форвардтың пікірінше, қиын сәтте команда мәселелерді жұрт алдына шығармай, бір жұдырықтай болуы керек.
«Өкінішті, өйткені барлық ойыншының бірге болуы қажет кезде жоғарыда не болып жатқаны туралы айтуға болмайды. Қиын кезең туғанда ойыншылар, бапкер және бапкерлер штабы бірлікте болуы тиіс. Әйтпесе мұндай жағдай киім ауыстыратын бөлмеге іріткі салуы мүмкін. Бұл серіктестерге деген құрметсіздік деп те санаймын. Негізінде ол оларды жеткілікті деңгейде мықты емес деп отыр», — деді Руни.
Ағылшын маман мұндай мәлімдеме жасауға тек команда капитаны Бруну Фернандеш қана құқылы болар еді деп қосты, бірақ ондай жағдайда да мұндай мәселелерді жабық есік артында шешкен жөн.
«Ойыншылар бапкермен, бапкер басшылықпен сөйлеседі. Бірақ бұл сұхбат клубқа қазіргі жағдайда еш көмектеспейді. Оның беретіні — команда төңірегіндегі шудың көбеюі ғана: ойыншылар наразы, тұрақсыз, бір-біріне сенбейді», — деп түйіндеді Руни.
