Каталондық «Барселона» 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін трансферлік нарықты дүр сілкіндіруді жоспарлап отыр. Беделді The Athletic басылымының хабарлауынша, «көк-анар түстілер» мадридтік «Атлетикоға» шабуылшы Хулиан Альварес үшін шамамен 130 миллион еуро ұсынуға дайын. Сонымен қатар, каталондық клуб басшылары «Бавария» шабуылшысы Харри Кейннің өкілдерінен бас тарту жауабын алды — англиялық футболшы Испанияға ауысуға ниетті емес.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз