«Омонияның» жеңісін Юре Балковец алып келді. 88-минутта словениялық қорғаушы алыстан соққы жасап, Йонуц Радудың қақпасын дәл көздеді. Осылайша матч 1:0 есебімен аяқталды.
«Сельта» кездесудің басым бөлігінде ойын тізгінін өз қолында ұстап, алаң иелерінің 11 соққысына қарсы 19 рет қақпаға соққы жасады. Испаниялықтар он бұрыштама орындағанымен, өз басымдығын голға айналдыра алмады. Екінші таймда Клаудио Хиральдес командасы қарсылас қақпасына доп енгізген еді, алайда Пабло Дуранның голы есепке алынбады.
Бұл жеңіс «Омония» үшін испаниялық клубтарға қарсы тарихтағы алғашқы жеңіс болды. Сонымен қатар Никосия командасы Еуропа лигасының жалпы кезеңін сәтті бастады.
