«Нағыз мықты қарсыласқа қарсы ойында керемет қорғана білдік. Қорғанысымыз мінсіз болды. Бәрі өз міндетін жақсы атқарып шықты.
Өте керемет нәтиже. Командаммен мақтанамын, бірақ әлі де дамуымыз керек»,– 61 жастағы неміс маманы.
«Камп Ноуда» өткен кездесуде алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті. «Блауграна» сапында Рафинья дубль жасаса, Ламин Ямаль бір гол соқты.
Осы ойыннан кейін «Барселона» тоғыз ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Келесі турда команда 25 қараша күні «Сабахқа» қонаққа барады.
