Инсайдер Фабрицио Романоның ақпараты бойынша, бразилиялық Серия В-ның бірнеше ұжымы тәжірибелі қақпашыға нақты қызығушылық танытып отыр.
Өзінің ұзақ мансабында Возинья португалиялық «Шавиш» пен «Жил Висенте», словакиялық «Тренчин», кипрлік АЕК және румыниялық «Зимбру» клубтарының намысын қорғап, көптеген еуропалық және африкалық чемпионаттарда ойнап үлгерді.
Қақпашының еншісінде Кабо-Верде құрамасы үшін өткізілген 92 матч бар, ал оның танымалдылығы ағымдағы мундиалдағы әсерлі өнерінен кейін күрт өсті.
