Q Football

«Қартайып барамын ғой»: «Пафос» қорғаушысы жарақатын түсіндірді

«Қартайып барамын ғой»: «Пафос» қорғаушысы жарақатын түсіндірді
QSport TV

Аңызға айналған қорғаушы Давид Луис Конференциялар лигасындағы матчтың бірінші таймында жарақат алды. Ойыннан кейін футболшы өз жағдайын әзілмен бағалап, жақын арада қатарға қосылатынына үміт білдірді және Алматыға жасаған сапары туралы естеліктерімен бөлісті.

Конференциялар лигасындағы матчта «Пафос» қорғаушысы бірінші таймның өзінде-ақ алаңнан кетуге мәжбүр болды. Матчтан кейінгі сұхбатта футболшы жарақаттың сипаты туралы айтып берді:

«Санның артқы жағын сездім. Қартайып барамын ғой (күледі). Алдағы күндері өзімді қалай сезінетінімді көреміз, бірақ жақын арада қатарға қосыламын деп үміттенемін».

Сондай-ақ ойыншыдан «Қайратқа» қарсы өткен алдыңғы сырт алаңдағы ойынды еске түсіруді сұрады:

«Бұл қиын ойын болды, әсіресе алғашқы минуттардың өзінде-ақ азшылықта қалып қойғанымыз үшін. Бірақ, меніңше, біз өте жақсы еңсердік. Онда керемет атмосфера болды, тамаша орын, әрі маған ол жерде ойнау шынымен ұнады».