23-минутта Лука Стойкович есеп ашса, 39-минутта Дион Дрена Бельо загребтіктердің басымдығын екі есеге арттырды.
Екінші таймда «Сандерленд» ойын барысын өзгертуге тырысты. Уилсон Изидор тіпті допты қақпаға енгізгенімен, офсайдқа байланысты гол есепке алынбады.
«Динамо» басымдығын соңына дейін сақтап, үш ұпай еншіледі. Ал ағылшын клубы өз алаңында қарсылас қақпасына бірде-бір гол соға алмады.
