Q Football

Моуринью Негрейра ісін төрешілік тарихындағы ең ірі жемқорлық жанжалына айналуы мүмкін деп атады

Моуринью Негрейра ісін төрешілік тарихындағы ең ірі жемқорлық жанжалына айналуы мүмкін деп атады

Португалиялық маман «Барселонаның» төрешілер комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Хосе Мария Энрикес Негрейрамен байланысты компанияларға ақша аударуына қатысты тергеудің әлі күнге дейін түпкілікті шешімін таппағанын қайта сынға алды.

Іс материалдарына сәйкес, каталондық клуб 2001–2018 жылдар аралығында 7,5 миллион еуродан астам қаржы аударған. «Барселона» бұл төлемдердің кеңес беру қызметтері мен төрешілердің жұмысына қатысты техникалық есептер үшін жасалғанын алға тартады.

Prime Video Italia эфирінде Моуринью бұл жағдайды «Кальчополи» жанжалымен салыстырып, Италияда сол істің қорытындысы бойынша нақты санкциялар қолданылғанын атап өтті.

Бапкердің айтуынша, тергеудің ауқымына қарамастан, Испанияда әлі күнге дейін нақты шешім жоқ. Ол егер іс елеулі салдарсыз аяқталса, бұл әлемдік футбол төрешілігі тарихында бұрын-соңды болмаған жағдайға айналуы мүмкін екенін айтты.

Моуринью бірнеше күн бұрын да осы тақырыпты қозғаған еді. Ол «Реал Мадридте» жұмыс істеген жылдарын еске алып, даулы кезеңнің едәуір бөлігі өзінің Испаниядағы қызметімен тұспа-тұс келгенін атап өткен.