Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью қорғаныс шебін күшейтетін үміткерді анықтады. Португалиялық маман лиссабондық «Бенфиканың» орталық қорғаушысы Томаш Араужуды «қаймақтардың» ықтимал трансферлерінің шорт-листіне (үміткерлер тізіміне) енгізді. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желілерінде испандық журналист Рамон Альварес де Мон хабарлады.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз