Покатиловтың «құрғақ» матчы және «Сабахтың» алғашқы ұпай жоғалтуы: Әзербайжан чемпионатының 7-туры шолу
Қазақстандық қақпашы «Нефтчиге» қарсы кездесуде гол жібермеді, алайда оның командасы осы маусымда алғаш рет жеңіске жете алмады. Өзге матчтарда «Қарабақ» үш ұпайға қол жеткізсе, «Сумгаит» қарсылас қақпасына төрт гол соқты.