Германиялық танымал Bild басылымы ӘЧ-2026-ның 1/16 финалында Парагвайдан ұтылған (1:1, пенальтиден 3:4) неміс құрамасының ішкі кикілжіңін әшкереледі. Белгілі болғандай, пенальти сериясы алдында Юлиан Нагельсманн командасында үлкен дағдарыс туындаған: бірнеше тәжірибелі футболшы алтыншы соққыны жасау жауапкершілігінен үзілді-кесілді бас тартқан. Соның салдарынан допқа карьерасында ешқашан пенальти теуіп көрмеген қорғаушы Джонатан Та келуге мәжбүр болған.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз