Q Football

Бельгиялықтар тіпті тақырыптың өзінде бұл мәселені америкалық рэпер Канье Уэсттің жақында өткен концертімен байланыстырды: «Бұған Канье Уэст де кінәлі… «Андерлехттің» қарсыласы — алматылық «Қайраттың» алаңы мәз емес». Канье Уэсттің шоуы 15 тамызда Орталық стадионда өтті, ал арада аз уақыт өткенде арена алматылықтардың еурокубоктық матчын қабылдайды. Бұған дейін де концерт «Қайраттың» кестесіне әсер еткен болатын: стадионды дайындауға байланысты Чемпиондар лигасының үшінші квалификациялық раундындағы болгариялық «Левскиге» қарсы қарымта ойынды команда Алматыда емес, Түркістанда өткізді. Енді бельгиялық БАҚ «Андерлехтпен» өтетін кездесу алдында алаң жағдайы тақырыбына қайта оралып отыр. «Қайрат» үшін бұл Орталық стадионға оралғаннан кейінгі Алматыдағы алғашқы үй еурокубоктық матчы болмақ. «Қайрат» — «Андерлехт» арасындағы алғашқы ойын 20 тамызда Алматыда, ал қарымта кездесу 27 тамызда Брюссельде өтеді.

Хайлайттар · Qsport

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру үшін кіріңіз