Үш минут ішінде соғылған екі автогол «Интерге» «Венецияны» жеңуге көмектесті
Миландық клуб Италия А Сериясының тоғызыншы турында қарсыласын сырт алаңда 2:0 есебімен жеңді. Кристиан Киву шәкірттері ұзақ уақыт бойы есеп аша алмады. Алайда алаң иелері қорғаушыларының екі қателігі матч тағдырын шешті.