«Челси» мен Англия құрамасының оң қанаттағы қорғаушысы Рис Джеймс денсаулық мәселесінен көз аша алмай келеді. 26 жастағы футболшының тақым сіңірінен алған бұл жарақаты оның мансабындағы 24-ші сәтсіздік болды. Осы уақытқа дейін жарақаттар кесірінен жалпы алғанда 800 күннен астам уақытын жоғалтқан ойыншы енді 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңінің бастапқы матчтарында өз құрамасына көмектесе алмайды.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз